Зейнетақы жасына жеткеннен кейн жұмысты жалғастыру мүмкіндігі.

Зейнетақы жасынан кейн жұмысты жалғастыру мүмкін бе?

14.10.2016 15:36
5665

Вопрос: Зейнетақы жасынан кейн жұмысты жалғастыру мүмкін бе?

Ответ: 

Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын регламенттейді.

Қазақстан Республикасың әр азаматы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар (1-тармақ, 2-бап).

Заңының 4-баптың 5-тармағына сәйкес мемлекет еңбек сiңiрген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын және (немесе) жүзеге асыратын органдарда осы құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi.

11-бап бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдерi тағайындалған:

2001 жылғы 1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:

  • 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;
  • 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;
  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;
  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.

Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

  1. ерлердің – 50 жасқа толғанда;
  2. әйелдердің – 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.

5 (бес) және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

12-бап бойынша мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi және жасына байланысты зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айын қоса алғанда жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілі арқылы есептелінеді.

14-бапқа байланысты еңбек өтілін 2 жолмен расталады:

1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады.

2. Еңбек кiтапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не сот шешiмi негiзiнде белгіленеді.

Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылдағы жұмыстан түскен табыс қатарынан күнтiзбелiк 36 айдағы жұмыстан түскен табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 41 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (16-бап).

Мысалы: Жалақы айлық табысыңыз 2016 жылға 86 961 тенгеден аспау керек.

86 961 = 41 Х 2 121;

2 121 – 2016 жылға бекітілген айлық есептік көрсеткіш.

17-бапта зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш жасау тәртiбi келтірілген:

1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерiн есепке жазу үшiн қажеттi еңбек өтілі мен кірісін растайтын құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияға берiледi.

2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.

3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган зейнетақылар тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтарға тиісті құжаттарды ресімдеуде жәрдем көрсетуге міндетті.

Және 18-бапта зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімдері бекітілген:

1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайды.

2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері – жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттардың Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні – жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.

3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган Мемлекеттік корпорация арқылы бас тартудың себептерін жазбаша уәждеуге және өтініш берушіге ұсынылған құжаттарды қайтаруға міндетті.

4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі» белгіленген мақсаттары мен міндеттерi:

      1. Азаматтардың еңбекке құқықтары мен еркiндiктерiне мемлекеттiк кепiлдiк орнату, қолайлы еңбек жағдайын жасау, қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау еңбек заңдарының мақсаттары болып табылады. 
      2. Еңбек заңдарының негiзгi мiндеттерi еңбек қатынастары тараптары мүдделерiнiң, мемлекет мүдделерінің барынша үйлесiмдi болуына жету үшiн қажеттi құқықтық жағдайлар туғызу, сондай-ақ еңбек қатынастарын, оның iшiнде олармен тiкелей байланысты еңбектi ұйымдастыру мен еңбектi басқару тiкелей осы жұмыс берушiде қызметкерлердi кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру әлеуметтiк әрiптестiк, ұжымдық келiссөздер жүргiзу, ұжымдық шарттар мен келiсiмдер жасау; жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң еңбек саласындағы материалдық жауапкершiлiгi; еңбек заңдарының сақталуын қадағалау мен бақылау; еңбек дауларын шешу жөнiндегi қатынастарды құқықтық реттеу болып табылады.

30-бапта еңбек шартының мерзімі сипатталған;

      1. Еңбек шарты:

1) белгіленбеген мерзімге;

2) осы тармақтың 3)4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайлардан басқа, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.

Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленбеген немесе бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге ұзартуға құқылы.

Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың ешқайсысы соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы жазбаша хабардар етпесе, осы Кодекстің 51-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бұрын жасалған дәл сол мерзімге ұзартылған деп есептеледі.

Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзартудың саны екі реттен аспайды.

Еңбек қатынастары жалғастырылған кезде еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі;

3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;

4) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;

5) маусымдық жұмысты орындау уақытына;

6) жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға берген рұқсаттардың не ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген рұқсаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.

2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге жасаса алады.

3. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерімен еңбек шарты мемлекеттік органның басшысы айқындайтын мерзімге жасалады.

4. Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы немесе ол уәкілеттік берген тұлға заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен еңбек шартын Қазақстан Республикасының заңдарында, тараптардың құрылтай құжаттарында немесе келісімінде белгіленген мерзімге және тәртіппен жасасады.

Егер заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен жасалған еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда, тараптардың ешқайсысы еңбек шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабардар етпесе, еңбек шарты құрылтайшылар, заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы жаңа басшыны не сол адамның өзін сайлау (лауазымға тағайындау, бекіту) туралы шешім қабылдағанға дейінгі мерзімге, егер көрсетілген шешімде ұзартудың өзге мерзімі айқындалмаған болса, ұзартылады.

5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағынасәйкес зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші бөлігінде көзделген шектеусіз, жыл сайын ұзартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 52 баптың 24 тармағы бойынша тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығы бар жұмыскер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған.

Қортындылап келгенде мекеменің бастығы, зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкермен, оның өнімділігін және жоғары кәсіптік біліктілік деңгейін ескере отырып, еңбек шарты бойынша жыл сайын жаңартылып отыруы мүмкін.

Уважаемые пользователи! Информация в ответе соответствует нормам законодательства Республики Казахстан, действовавшим на момент (дату) публикации.

Вам также может быть интересно: