Қазіргі таңда мұғалім бастауыш сыныпқа сабақ береді. Бастауыштан білімі арнаулы орта. Педагог -психолог мамандығы бар, ол жоғары дипломмен бітіріп 16 жыл жұмыс өтілі бар. мекеме басшысы қәзіргі еңбек ақыны арнаулы орта біліммен есептеп отыр. яғни бастауыштың дипломымен. Жоғары білім жасаған 16 жыл еңбек өтілі есептелмейме?
Вопрос:
Қазіргі таңда мұғалім бастауыш сыныпқа сабақ береді. Бастауыштан білімі арнаулы орта. Педагог -психолог мамандығы бар, ол жоғары дипломмен бітіріп 16 жыл жұмыс өтілі бар. мекеме басшысы қәзіргі еңбек ақыны арнаулы орта біліммен есептеп отыр. яғни бастауыштың дипломымен. Жоғары білім жасаған 16 жыл еңбек өтілі есептелмейме?Педагог психологпен билими жогары, фактически жумысты бастауыштан береди онын дипломы арнаулы орта. Енбек акыны жогары билиммен ала алама?
Ответ:
«Білім ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесі» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығы бекітілген (ары қарай - Ереже).
Осы Ережеге сәйкес, мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу үшін білім беру ұйымында еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия құрылады.
Осы Ереже ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан білім ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінің және оларға теңестірілген адамдардың, ғылыми-педагогикалық, ғылыми қызметкерлерінің және мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің жұмыс стажын анықтау кезінде қолданылады.
Осы Ережеге сәйкес есептелетін мамандықтар бойынша жұмыс стажы жұмысқа қабылдау кезінде немесе басқа жұмысқа ауыстыру кезінде күнтізбелік санау бойынша есептеледі.
Білім беру ұйымдарында жұмыс стажына байланысты лауазымдық айлықақыны есептеу кезінде лауазымдық айлықынының мөлшері қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленеді.
Қызметкердің мамандық бойынша жұмыс стажын анықтау үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар:
1) еңбек кітапшасы;
2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
5) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
6) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама болып табылады.
Мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу үшін білім беру ұйымында еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия құрылады, оның құрамын тиісті ұйымның басшысы бекітеді.
Осы Ереженің 2 тармағына сәйкес, педагогикалық жұмыс стажына осы Ережеге Қосымшада көрсетілген ұйымдардағы педагогикалық жұмыс есептеледі. Бұл Қосымшада «Ондағы жұмыс уақыты оқу-тәрбие ұйымдарындағы тиісті лауазымдардағы қызметкерлердің мамандық бойынша жұмыс стажына есептелетін оқу орындарының, ұйымдарының және лауазымдарының тізбесi» бекітілген.
Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің педагогикалық жұмыс стажына қандай жұмыс өтілі кіретіні осы Ереженің 4 тармағында жазылған.
Осы сұраққа жауап ретінде осы Ереженің 3 тармағы жауап береді, яғни, педагогикалық қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдардың педагогикалық жұмыс стажына, егер жеке алғанда да, тұтастай алғанда да, белгілі бір уақыт кезеңінің алдында және одан кейін негізгі жұмыс орны бойынша тікелей педагогикалық қызметпен жалғасқан болса, осы тармақта көзделген уақыт кезеңдері есептеледі.
Егер қызметкер осы Ереженің қосымшасында көрсетілген жұмыстан (қызмет атқарудан) кейін ағымдағы оқу жылында білім ұйымындағы тікелей педагогикалық жұмысқа ауыса алмаса, оның педагогикалық жұмыс стажына педагогикалық жұмысқа келесі оқу жылының басында қабылданғандағы көрсетілген кезеңдер қосылады.
«Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 495 бұйрығының 5 тармағына сәйкес, мамандық бойынша жұмыс өтілі мен мамандықтардың сәйкестігін жұмысқа қабылдау кезінде құрамын ұйымның басшысы бекітетін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі ұйымның біліктілік (аттестаттау) комиссиясы белгілейді.
«Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығының 3 тармағына сәйкес, мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу ұйымның бірінші басшысы бөлетін және Заңда көзделген апталық нормативтік жүктемені ескере отырып анықталатын оқу жүктемесінің санына қарай, сондай-ақ Заңда және Қаулыда көзделген орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерді, арттыруларды, қосымша ақыларды, үстемеақыларды ескере отырып, Қаулыға сәйкес тарифтік мөлшерлемелерді (айлықақыларды) анықтау үшін қызметкерлердің біліктілігіне байланысты есептеледі.
Яғни, мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген 2-қосымшада «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған коэффициенттерінде» тіркелген.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, еңбек өтілін ұйымның біліктілік (аттестаттау) комиссиясы белгілейді.
Ал еңбек ақы осы комиссия белгіленген өтіл бойынша есептелінеді.
«Педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес педагог қызметкерге қойылатын біліктілік талаптары: тиісті мамандық бойынша педагогикалық білім.
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес, қызметкердің лауазымдық жалақысы білім деңгейіне (жоғары немесе орташа) және еңбек өтіліне қарай белгіленеді. Осы қаулыда өзге талаптар көзделмеген.
Бастауыш сынып мұғалімінің екі дипломы: мұғалімнің орта білім деңгейі және психологтың жоғары білімі болғандықтан, сыйақы білім деңгейін растайтын ол ұсынған құжаттарына сәйкес жүргізілуге тиіс.
Сонымен қатар, егер бастауыш сынып мұғалімінің орта білім деңгейі бойынша бірінші санатты болмаса, онда оның лауазымдық жалақысы мұғалім санатынсыз психолог мамандығы бойынша жоғары білімі деңгейіндегі жалақысына қарағанда төмен болады.
Сондықтан, педагог бастауыш мектебінің мұғалімі ретінде еңбек ақыны орта білім деңгейі бойынша еңбек өтілі негізінде ғана ала алады.
Егер қызмет атауы психолог-педагог мамандығы болған кезде ғана, педагогтың жоғары білім деңгейі жалақы есептеу кезінде негізге алынады.
Құрметті қолданушылар! Жауаптағы ақпарат жарияланған сәтте (күні) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларына сәйкес келеді.
-
Ответ:
В соответствии с пунктом 2 Правил перевозок грузов автомобильным транспортом, утвержденных приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 30 апреля 2015 года № 546 (далее – Правила), данные Правила распространяются на всех физических и юридических лиц независимо от формы собственности.
-
Ответ:
Согласно статье 157 Трудового кодекса Республики Казахстан работодатели вправе за счет собственных средств предоставлять работникам дополнительные льготы и преимущества.
-
Ответ:
Достижение пенсионного возраста 27 мая само по себе не прекращает трудовой договор, поэтому ничего автоматически расторгать или заключать заново не нужно.
-
Ответ:
Запрос личного дела через платформу Enbek.kz законен, если на это получено согласие работника. Такая практика в целом не противоречит законодательству РК, но только при соблюдении условий, при которых доступ к данным фактически контролируется самим кандидатом через государственный сервис, а не инициируется работодателем как «самостоятельный сбор» персональных данных.
-
Ответ:
По законодательству РК при сокращении численности или штата работодатель обязан уведомить карьерный центр через Enbek о предстоящем высвобождении работников не позднее чем за один месяц.
-
Ответ:
Работодатель может внедрить Face ID для фиксации прихода и ухода сотрудников, но это связано с обработкой биометрических данных, которые относятся к особой категории персональных данных.
-
Ответ:
Предоставление работникам времени для участия в донорстве крови регулируется Трудовым кодексом Республики Казахстан и Кодексом Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения».
-
Ответ:
Штрафы, предусмотренные измененной ст. 98 КоАП РК, касаются невнесения, несвоевременного внесения, неполного или недостоверного внесения сведений в единую систему учета трудовых договоров,
-
Ответ:
В соответствии с Правилами представления и получения сведений о трудовом договоре в единой системе учета трудовых договоров, утвержденными приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан № 353, в ЕСУТД подлежат внесению сведения об изменениях трудового договора только в части условий, соответствующих подпунктам 1), 2),
-
Ответ:
В соответствии с Конституционным Законом РК “О Прокуратуре" от 5 ноября 2022 года, в рамках проводимых проверочных мероприятий, в пределах компетенции вправе истребовать у физических и юридических лиц предоставления каких-либо документов или сведений. Данное полномочие прокуратуры закреплено статьёй 10 Закона РК О прокуратуре.