Мемлекеттік тапсырыспен қаржыландыратын балабақшада жалақыны еңбек шартында белгіленген еңбекақымен төлеуге бола ма?

Мемлекеттік тапсырыспен қаржыландыратын балабақшада жалақыны еңбек шартында белгіленген еңбекақымен төлеуге бола ма?

28.06.2019 21:51
621

Сурак:

Мемлекеттік тапсырыспен қаржыландыратын балабақшада жалақыны еңбек шартында белгіленген еңбекақымен төлеуге бола ма?

Жауаб:

Еңбек кодекстің 107 баптың 1 тармағы бойынша жұмыскерге жалақы жұмыс берушідегі қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйелеріне сәйкес еңбек шартында белгіленеді.

Сондықтан жұмыскерге еңбек шартында белгіленген жалақы мөлшері бойынша төлеу керек.

Сонымен бірге «Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 929 бұйрығы 8 тармағы бойынша қызметкер қабылданған лауазымның атауы туралы жазбалар еңбек шартының, жұмыс беруші актісінің, ұйымның штат кестесінің негізінде жүргізіледі.

Сондықтан еңбек шартында белгіленген жалақысы штат кестеге сай болу керек.

Осылайша, мемлекеттік тапсырыспен қаржыландыратын балабақшада жалақыны еңбек шартында белгіленген еңбекақымен төлеуге болады және оның мөлшері штаттық кестеге сай болу керек.

Уважаемые пользователи! Информация в ответе соответствует нормам законодательства Республики Казахстан, действовавшим на момент (дату) публикации.

Вам также может быть интересно: